• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Төрт тілді толық меңгерген

209 рет
көрсетілді

жастар қатарының көбейіп келе жатқаны қуантады «Қазақстандықтар болашағы – біртұтас ел» атты дөңгелек үстел аясында аймақ басшысы Ерік Сұлтанов көп тілді меңгерген өңір жастарымен кездесті. Онда жиналған түрлі ұлт өкілдерін бірнеше тілді білуі біріктірді. Ерік Хамзаұлы өз сөзінде Қа­зақ­­станды мекендеген кез келген ха­лықтың дәстүрі, мәдениеті, тілі сол елдің бай тарихының айнасы екенін жеткізді. Мемлекеттік тіл­ді дамытудың негізгі көрсет­кіш­те­рі әлеуметтік және қоғам­дық қыз­метпен етене байланыс­ты. Халық пен мемлекеттің тү­бе­гейлі өзгеруі тіл дамуына да ай­тарлықтай әсер етеді. Әрбір тіл – тұтас әлем. Ел­басы Н. Назарбаев мем­лекеттік тіл ұлттық бірліктің не­гізгі факто­ры және халықты бі­рік­тіруші бас­ты күш екенін талай мәрте атап көр­сетті, деді ол. Тілдерді дамыту бас­қар­ма­сы­­ның басшысы Кемел Оспанов шара мақсаты мемлекеттік тіл мәр­те­бесін арттыруды, қазақ, орыс, ағыл­шын тілдерін жетік иге­р­- ген, әр­түрлі салада жұмыс іс­тейтін жас мамандарға жан-жақ­ты қолдау те­тік­терін күшей­туді көздейтінін ай­та келіп, Мағ­жан­ның «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл» деген орамды ойын мысалға келтірді. Бұл сөздің тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы жойылмақ емес. Аудандар мен қалалардан жи­нал­­ған жас­тар, мұғалімдер, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жас­тар қанатының, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының, студенттер қауымының өкілдері үштілділіктің қоғам­дағы рөлі туралы ой-пікір­ле­рімен бөлісті. М. Жұмабаев атындағы гу­ма­нитарлық колледжінде жұмыс іс­тейтін Жандос Қалел төрт тілде еркін сөйлейді. Оның тіл үй­ренуге деген құштарлығы отба­сынан басталған. Тың көтеру ке­зінде республикамызға келген түрлі ұлт өкілдерімен әжесі қоян-қолтық араласқан. Сөйтіп, еш қиналмастан бірнеше тілді мең­геріп алған. Кейін бұл дәстүр не­­мерелері арқылы жалғасқан. Жан­достың ағасы түрік және араб тілдерін жақсы біледі. Қа­рын­дасы да бірнеше тілге ағып тұр. Үш баланың анасы Марал Құрманова университетте ағыл­шын, неміс тілдерінен са­бақ бер­е­ді. Ұлттық Ұлан әскери инс­ти­тутының бірінші курс сту­де­нті Руслан Сухоручкиннің ай­туын­ша, әр халықтың басты құн­ды­лығы – тілі. Мемлекеттік тіл ту, елтаңба, әнұран сияқты басты ныш­андарымыздың бірі. Қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдеріне қамшы салдырмайтын облыстық ішкі істер департаментінің лейтенанты Марина Писаренко биыл Ішкі істер министрлігінің Ал­ма­тыдағы академиясын бітіріп ке­ліп­ті. Әпкесі Таня да қазақшаға су­дай көрінеді. Төрт тілде еркін сөй­лейтіндердің бірі Ержан Мәкен Германиядағы Мартин Лютер атындағы Халле-Витенберг уни­верситетін «Болашақ» ха­лық­аралық бағдарламасы бойын­ша тәмамдап, аудандық әкім­дік­ке қызметке орнығыпты. На­талья Горбатова мен Алена Пла­тонова М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан мемлекеттік уни­­верситетінен қазақ тілі жә­не әде­биеті пәні мұғалімі маман­ды­ғын алып шыққаннан бері шә­кірт­терінің өздеріне ұқсауын бас­ты парыз санайды. Олардың қа­зақ тілін меңгеру талаптарын әке-шешелері, туған-туыстары бір­ауыздан қолдап, ақ баталарын берген. «Тіл – ел бірлігі» бай­қауында алғыс хатқа ие болған. Ғ.Мүсірепов ауданында еңбек ете­тін жас маман Нұрсұлтан Байзақ та бір­неше тілге жүйрік. Мемлекеттік тілді талмай насихаттап жүрген бір топ жас ал­ғыс хатпен марапатталды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы