• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Қауіпсіздік – баршаға ортақ мәселе

217 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған ядролық қарусыз әлем жобасы халықаралық қоғамдастық тарапынан жан-жақты қолдауға ие болғаны мәлім. Тәуелсіздік тойы қарсаңында белгіленген жұлдызды 25 күннің бірі «Ядролық қарусыз әлем» атты тақырыптық күнге арналуы бұл мәселенің жаһандық ауқымдағы орны мен маңызын одан әрі көтере түседі. Осыған орай, кеше Орал қаласындағы Достық үйінде тақырыптық кездесу өткі­зіліп, оған этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, өңірдегі жоғары оқу орын­дарының профессор-оқытушылары мен зия­лы қауым өкілдері қатысты. Бұл іс-шара кезінде ортаға ой-пікір тас­тағандар Қазақстан басшысы тарапынан ұсынылған ядролық қарусыз әлем жо­басы олардың бәрін таңғалдырғанын атап көрсетті. Әрі олар мұндай терең ізгілікке толы қадамды өзге әлемдік деңгейдегі саясаткерлердің қайталай қоюы да екіталай екеніне екпін түсірді. Сонымен бірге, Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы арқылы әлемдегі ең бейбітшіліксүйгіш тұрақты мемлекет құрудың жарқын үлгісіне айналғаны туралы тұжырымдар жасады. Түйіп айтқанда, Қазақстанның әлем ел­дерінің қауіпсіздік кепілін иеленген біре­гей ел қатарынан орын алып үлгергені ор­тақ әңгіменің арқауы болды. Дөңгелек үстелде Орал қаласындағы ев­рей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Феликс Баюканский бей­біт­шілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі Мем­лекет басшысының ғана емес, со­нымен бірге барша қазақстандықтардың, әр ұжым мен отбасының да төл парызы екеніне тоқталды. Мұндай қадамның бә­рі сайып келгенде, Қазақстан халқының ауыз­бір­шілігі мен ынтымағы арқылы ғана берік ор­ныға алады,  деді ол дөңгелек үстелде сөй­леген сөзінің қорытындысында. Сондай-ақ, кеше облыс орталығын­дағы Достық үйінде өңірлік қоғамдық келісім мекемесі «Әлем. XXI ғасыр» ма­нифесі тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ