• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Ұлт рухының бастауы

412 рет
көрсетілді

Жазушылар одағында Қазақстан Тәуелсіз­дігінің 25 жылдығы Декларациясын қолдаған мерекелік пленум өтті. Ширек ғасыр ішінде Орталық Азия аумағында ғана емес, күллі әлем мемлекеттері қатарында теңдес­сіз табыстарға жеткен Қазақстан эконо­микасы мен халық шаруашылығында, сондай-ақ, мәдени-рухани салада да көш бастады. Тәуелсіздік шын мәнінде ұлттық рухымыздың бастауы болды. Қаламгерлер алдында баян­дама жасаған Қазақстан Жазушы­лар одағы Басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин Қазақстаннның Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде қол жеткізген табыстары мен халықара­лық дәрежедегі өрлей көтерілген беделі, ондағы Елбасы-Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбегі туралы толымды ой қозғады. Еліміздегі тарихи маңызды экономикалық және саяси реформа­лар аясында мызғымас мемлекет­тік құрылым тұғырын бекіткен Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз еңбегіне тоқталды. Жарыссөзге шыққан жазушылар Сұлтанәлі Балғабайұлы, Кәдірбек Сегізбаев, Ахметжан Ашири, ақындар Бауыржан Бабажанұлы, Алмас Ах­метбекұлы және басқалары ел Тәуел­сіздігінің мәні мен маңызы туралы, 25 жыл ішіндегі Қазақстан халқы мен қазақтардың өсіп-өркендеу жолдары туралы өз ойларын ортаға салды. Қазақстан қаламгерлер мере­ке­лік пленум үстінде Қазақстан Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы Декларация­сын қызу қолдап, қуаттайтындық­тарын білдірді. Ол туралы арнайы үндеу қабылдады. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ