• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

245 рет
көрсетілді

қазақстандық қоғамның алтын қазығына айналды Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кеңейтілген отырысы өтті. Оған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.  «Бұл отырыста Ассамблеяның елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және этносаралық қатынастар саласындағы іс-қимылдар тиімділігін арттыруға бағытталған қызметіне қорытындылар жасалатын болады», – деді жиында сөйлеген сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова. Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы биыл басты стратегиялық құжат­тар – қазақстандық біртектілік пен бірлікті дамыту және нығайту, сондай-ақ, ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі дамуы жөніндегі тұжырымдамалар іске асырылғанына, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданып, Ассамблеяның институттық тұр­ғыдан нығайтылғанына, оның жаңа функционалдық бағыттарының жүзе­ге асырылғанына тоқтала келе, жалпы алғанда, 2016 жыл Қазақ­стан халқы Ассамблеясы үшін маңыз­ды жыл болғанын атап өтті. Дәл осы жылы қоғамдық келісім мен ме­диа­ция кеңестерінің жүйесі бекітіл­генін, «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпырес­публикалық жобасы мен ауқымды қайырымдылық жобалары жүзеге асқанын жеткізді. Бұған қоса, Гүлшара Науша­қызы «Қа­зақстан жолын» жандан­дыру бары­сында Қазақстан халқы Ас­самб­леясы жоспарларын іске асы­руда Елб­асының айрықша рөл ат­қарып, Тәуел­сіздіктің 25 жыл­ды­ғына зор үлесін қосқанын айтты. «Жақында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Декларация қа­был­данды. Бұл Декларация Прези­дент­тің саяси күш-жігері мен стра­тегиялық ұстанымы Қазақ­стан дамуының үлгі­сін айғақтап бергенін көрсетті. Ал Қа­зақстан халқы Ассамблеясы Мем­лекет басшысының жоба-жоспарларын жүзеге асыруда үлкен рөл атқар­ды. Себебі, Ассамблеяның біртек­тілік пен бірлікке қатысты бар­лық реформаларды ілгерілету және үй­лес­тірудегі маңызы айрықша. Мәселен, биылғы жылдың 1 наурызын­да Мемлекет басшысының бастама­сымен алғаш рет «Алғыс айту күні» белгіленді. Осы күннің шең­берін­де ұйым­дастырылған 10 мыңға жуық іс-шараға 3 мыңнан астам адам қаты­сып, «Қазақстан халқына мың ал­ғыс!» деп өз жүрекжарды сөздерін арнады. Бұлардан бөлек, ҚХА бас­та­масымен «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы ұйымдас­тырылып, 240 мыңға тарта азамат 194 мил­лион теңге көлемінде қаржылай кө­мек алды», – деді Мемлекеттік хатшы. Жұмыс қорытындысы бойынша ҚХА Кеңесі Мемлекет басшысына арналған үндеу қабылдады. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»