• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Имашев – Халықаралық бессайыс одағының вице-президенті

250 рет
көрсетілді

Германияның Франкфурт қаласында халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының (UIPM) 68-ші есептік-сайлау конгресі болды. Конгреске әлемнің 78 елі ұлттық федерацияларының бірінші басшылары мен хатшылары қатысты. Бұл ұйымның рекордтық көрсеткіші болып табылады. Конгресте ұйымдық мәселе қаралып, оның қорытындысы бо­йын­ша одақтың президенті болып доктор Клаус Шорманн қайта сай­ланды. Ал Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитеті атқару коми­тетінің мүшесі, республиканың қазіргі заманғы бессайыс федерациясы президенті Берік Имашев халықаралық одақтың вице-прези­денті болып сайланды. Конгресте UIPM-нің 5 вице-президентінің орынтағына 9 кандидатура ұсынылды. Жасырын дауыс беру жолымен жүргізілген сайлаудың үшінші 3 раундынан кейін жаңа вице-президенттер есімдері белгілі бол­ды. Бұл саптан Хуан Антонио Самаранч (Испания), Жоэль Боузоу (Франция), Вячеслав Ами­нов (Ресей), Хуан Манзо Оранегиу (Мексика) және Берік Има­шев (Қазақстан) табылды. Конгресте қазіргі заманғы бес­сайыстың және олимпиялық қоз­ға­лыстың дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Ұлттық олим­­пиялық комитетінің бірінші пре­зиденті, UIPM және АМРС ат­қа­рушы комитетінің бұрынғы мүше­сі, марқұм Тимур Досымбетов «UIPM-нің құрметті мүшесі» меда­лімен марапатталды. Оның есімі Лозаннадағы Олимпиада музейінің UIPM құрмет залына енгізілді. Конгресте 2018, 2019 жылдарда әлем чемпионаттарын қабылдайтын қалалар анықталды. 2018 жылғы Әлем кубогының финалы Алматыда өтетін болады. Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан»