• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

«Нұр-Мұқасан» дуэті тарады

432 рет
көрсетілді

Қазақ эстрадасында 26 жыл бойы бірге ән шырқап келген «Нұр-Мұқасан» дуэті тарап кетті. Бұл туралы Мұқасан Шахазадаев «Астана» арнасындағы «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. «Нұрлан қазір өз шығармашылығымен, мен өз шығармашылығыммен айналысудамын. Бұған дейін де айтылған болатын. Бұл тек Нұрлан екеуміздің арамыздағы әңгіме. Оны жарнамалағым келмейді. 26 жылдың ішінде бір-бірімізді кешірмейтіндей жағдай болған емес, десе де кішігірім түсініспеушіліктер болды. Бір жағынан, 26 жыл бойы қатты кетпей, шыдап келген сияқтымыз. Қазір Нұрлан жайлы ештеңе айта алмаймын. Бейхабармын. Тосын сый әзірлеп жатқан шығар. Бір күні жарқ етіп шыға келуі де мүмкін», - деді Мұқасан Шахазадаев. Айта кетейік, 1990 жылы құрылған «Нұр-Мұқасан» дуэті «Құдаша қыз», «Сезімді қайтем», «Қос қарлығаш» хит әндерімен көпшіліктің жүрегін жаулаған болатын.