• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

Мемлекет басшысының мейірімін сезіндім

190 рет
көрсетілді

Мен де тәуелсіз елдің түлегімін. Ширек ғасыр ішіндегі елімнің бүкіл қол жеткен жетістігінің көбі бала кезімнен бастап, осы күнге дейін көз алдымда тұр. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы қиын кез де еміс-еміс есімде. Одан кейінгі жылдары мектеп табалдырығын аттадым, білім алдым. Әсіресе, мына бір оқиға мен үшін ерекше деп білемін. 2000 жылғы Елбасы шыршасы Қарағанды қаласында өтті. Оған қатысатындардың арасында мен де жүрдім. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы сол шыршаға қатысады деген күннен бастап, біз қызу дайындық жасадық. Ұлттық киімдерімізді әзірлеп, неше түрлі ән-биді сол шараға орайластыра отырып әзірледік. Күткен күн де келді. Елбасымен жүздестік. Сол сәттегі Нұрсұлтан ағаның бізге айтқан әрбір сөзі менің есімнен кетпейді. Бізді ер­кін елдің ұрпағы деп, мемлекетіміз­дің болашағы екенімізді де айтты. Әрқайсымызға жеке-жеке сый­лық­тар тапсырып, өнеріміз­ді тамашалады. Тіпті, ән әуенін бізбен бірге қосылып айтқан­да, «Бүкіл жұртымызды бастап келе жатқан азамат та осындай әнге қосылады екен-ау!» деп таңғалдық. Елбасына гүл апарып тапсыр­ғанда ол кісі біздің маңдайымыздан сипағанда алақанынан бір жан дүниеңді тебірентетін жылуды сезінгенім бар. Қоштасар сәтте: «Біз сендерді бақытты ету үшін жұмыс жасап жатырмыз. Ертең сендердің араларыңнан да үлкен азаматтар шығады. Ол үшін жақсы оқыңдар, жыл сайын Жаңа жыл шыршасында осылай жүздесе берейік!» деген аталы сөзі менің кеудемде жатталып қалды. Президентті теледидардан, газет беттерінен көргенде ол кісінің сол кездегі мейірімі есіме түсе береді. Қарағанды мем­лекеттік уни­­верситетінің эконо­мика факуль­те­тін бітіріп, «Қазақмыстың» сақ­тан­­дыру ком­паниясында қызмет істеп жүрмін. Тұрмысқа шығып ша­­ңы­рақ көтердік. Осының, бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың ақ батасының арқасы деп біле­мін. Біз Мәңгі Елдің ұрпағы ретінде Отанымыздың ал­тын дің­гегі болып, алдыңғы толқын ағалардың ізін басып, ісін жалғау парыз деп білемін. Елбасымен болған сол кездесудегі суретті де қосып отырмын. Гауһар ӘЛІМЖАНОВА, қаржыгер Қарағанды облысы