Астана қалалық филармониясының камералық оркестрі Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның басқаруымен Италияның әртүрлі қалаларында өнер көрсетті. Музыканттар гастрольдік сапармен Тревизо, Альба, Сицилия, Турин, Мелан, Неаполь қалаларында болды.
Онда оркестр «Музыка на озере» фестиваліне де қатысты. Айман Мұсақожаева орындаған музыкалық шығармалар фестиваль көрермендерін тәнті етті. Музыка сыншылары оркестрдің орындауындағы К.Сен-Санстың, Бизенің, Ф.Ваксманның, сондай-ақ Е.Брусиловскийдің «Бозайғыр» және Еділ Құсайынның «Терме» атты шығармаларын өте жылы қабылдады.
«Егемен-ақпарат».