• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

216 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы: 1995 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумын Салық бойынша қаржыгер мамандығы бойынша біліктілігiн алған; 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін Экономист-қаржыгер мамандығы бойынша біліктілігi алған; 2004 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын Бакалавр-заңгер мамандығы бойынша біліктілігi алған. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары: 2011 жылы - «Салық қызметінің үздігі» атағы 2011 жылы - «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі 2012 жылы - «Қаржы қызметінің үздігі» кеуде белгісі 2014 жылы - «Мемлекеттік қызмет үздігі» атағы 2014 жылы - «Ерен еңбегі үшін» медалі