• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Қарағанды облысында балабақша ашылды

624 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының Абай ауданында бұрынғы «Гүлдер» шипажайының 2 қабатты ғимараты жөндеуден өткізіліп, балабақша ретінде қайта ашылды. Бюджеттен бөлінген 45,5 млн теңге жөндеу жұмыстары мен жаңа жиһаздар сатып алуға жұмсалды. «Болашақ әлемі» деп аталатын бұл нысан 75 балаға шақталып жасалған. Мұнда бүлдіршіндер білім беру саласындағы тың өзгерістер бойынша үш тілде білім алады. Сонымен қатар, ауданның Жартас ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Жаңа ғимарат «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аясында тұрғызылған. Жобалық құны 117 млн теңгені құрайтын бұл амбулаторияда бір ауысымда 20 адам жатады деп жоспарланған. Медициналық мекемеде балалар бөлмесі, акушерлік-гинекологиялық, емдеу-сауықтыру бөлімдері жұмыс істейтін болады. Қайрат Әбілдинов, "Егемен Қазақстан". Қарағанды облысы