• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Жансая Әбдімәлік халықаралық турнирде жеңіске жетті

156 рет
көрсетілді

Польша елінің Вроцлав қаласында әйелдер арасындағы «Krystyna Hołuj-Radzikowska» Халықаралық турнирінде Жансая Әбдімәлік бас жүлдені еншіледі. Осымен алтыншы мәрте жалауын желбіреткен бәсеке 23 қарашада басталып, 1 желтоқсанда өз мәресіне жетті. Осы аралықта Қазақстан намысын қорғаған шахматшы аруымыз Жансая Әбдімәлік мүмкін болған 9 ұпайдың 7-еуін еншілеп, бас жүлдені жеңіп алды. Ол 5 қарсыласын айқын басымдықпен ұтса, төртеуімен тең түсіп, турнирдегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.  
Соңғы жаңалықтар