• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Каспий құбыр консорциумы арқылы ірі көлемді мұнай тиелді

398 рет
көрсетілді

Осы жылдың қараша айының қорытындысы бойынша Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалында 4 438 701 тонна (35 151 943 баррель) мұнай тиелді, деп хабарлады «ҚазАқпарат». Бұл Теңіз-Новороссийск мұнай тасымалдау жүйесі қолданысқа енгізілген уақыттан бергі рекордтық айлық көлем болып есептеледі. Консорциум мәліметіне қарағанда, бұған дейінгі рекорд 2016 жылғы наурыз айында тіркелген. Ол кезде бір айда танкерлерге 4 210 000 тонна мұнай тиелген. Консорциумның бүкіл тарихы кезінде Теңіз терминалында 4,3 мыңнан астам танкер тиеліп, олар арқылы 460 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды. Оның ішінде қазақстандық өндірушілердің үлесіне 398 млн тоннаға жуық мұнай тиесілі болса, қалғаны – ресейлік өнім.