Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында Ақмола облысының Есіл қаласында 40 отбасы жаңа пәтерлер алды.
Осы жылдың басында өңір әкімі Сергей Кулагин коммуналдық тұрғын үй қоры есебінен аталмыш қаладағы 40 пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру мақсатында қаржы бөлуді шешкен. Осыған байланысты облыс бюджетінен бөлінген 148 миллион теңгеге қазіргі 40 пәтерлі тұрғын үй қалпына келтірілді.