• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Рақымшылық кімдерге жасалады?

247 рет
көрсетілді

Бейбіт жиындар мен шеру ұйымдастырып, ұлтаралық араздықты қоздырғаны, сондай-ақ жалған лаңкестік үшін сотталғандар рақымшылыққа ілікпейді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау турал» заң жобасы бойынша жұмыс тобы отырысының алдында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді. «Бұл бап заң жобасының тізіміне рақымшылыққа шектеу ретінде енгізілген. Яғни, осы баптар бойынша рақымшылық қолдануға шектеу қойылған. Сонымен қатар, бір топ адам жасаған жемқорлық қылмысқа немесе аса ауыр қылмыстарға да тыйым салынады», – деді Меркель. Аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағандар шығынды толығымен қайтарған кезде жаза мерзімін қысқарта алады. Айта кетейік, Елбасы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес өз бастауымен Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын енгізген. Бұл бастама Мәжілістің жұмысына 30 қарашада алынған болатын. Аталған заң жобасы бойынша, азаматтардың әлеуметтік әлсіз топтары, оның ішінде кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған немесе мүгедек балалары бар әйелдер, мүгедектер, қарт адамдар әрі ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандар қылмыстық жазадан босатылады.