• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Сот қызметкерлеріне бірыңғай киім үлгісі қарастырылады

1062 рет
көрсетілді

Соттар жұмыстарының қолжетімділігі мен сапасына азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтауға бағытталған online-сауалнамалау шеңберінде, респонденттер басқа ұсыныстармен қатар, сот қызметкерлері үшін бірыңғай киім үлгісін енгізу қажеттілігі туралы айтылды. Жоғарғы Сотта талқыланғаннан кейін негізді деп танылған азаматтардың ұсыныстарын жүзеге асыру мақсатында сот қызметкерлерін сот процесінің қатысушыларынан ерекшелеуге мүмкіндік беретін жапсырмасы бар ұстамды түстік гаммада орындалған нысанды киім эскизі әзірленді. Пилоттық тәртіпте Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарының соттарында құжаттарды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асыратын сот қызметкерлері және сот мәжілістерінің хатшылары нысанды киім үлгісімен қамтамасыз етілді. Қалған аймақтарда сот қызметкерлерін нысанды киіммен 100 % қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Осы жобаны жүзеге асырудың жағымды нәтижелерін ескере келе, барлық өңірлерде сот қызметкерлерін бірыңғай нысанды киіммен тұрақты негізде қамтамасыз ету мәселесі талқылануда. Шараның мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарсыз жүзеге асырылғандығын атап өткен жөн.