• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2011

Саяси шараларға толы апта

339 рет
көрсетілді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов журналистерге арналған дәстүрлі апталық брифингте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше шетелге сапары басталғанын хабарлады. 19 қыркүйекте Франция Президенті Николя Саркозидің шақы­руы­мен Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан На­зар­баевтың Парижге жұмыс сапары болды, деді брифингте ресми өкіл. Екі мемлекет басшысының ара­сында өт­кен келіссөздер бары­сында «Назарбаев – Саркози» президенттік комис­сия­ның жұмысы, 2008 жылы қабыл­дан­ған келісім-шартқа негізделетін саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы стра­те­гиялық әріптес­ті­к­тің қазіргі жағдайы және келешегі қарас­ты­рыл­ды.  Бұл туралы материал газеттің осы нө­мірінде жан-жақты жазыл­ған­дықтан, оған көп тоқталмағанды жөн көрдік. Ал 20 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясына қатысуға Нью-Йорк­ке сапармен барады, деп жал­ға­ды сөзін А.Абдрахманов. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер   сессия барысында Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ахуал және Израиль-Палестина қарым-қатынасын реттеу мәселелерін қарас­тыратын бо­лады. Сонымен қатар, ядро­лық қаруды таратпау, денсаулық сақтау, экология, дінаралық үнқатысу жайы бірқатар пікірталас алаңдарында тал­қы­ланады деп күтілуде. Ресми өкіл осы сапар кезінде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартының күшіне енуін ілгерілету жөніндегі конференция, жұқпайтын аурулардың алдын алу мен бақылау, тұрақты даму мен жұтаң­шы­лықты жою, шөлге айналу, топырақ құ­нарсыздануы мен құрғақшылыққа қар­сы  күрес, бейбітшілік үшін дін­ара­лық ынтымақтастық жөнінде  жоғары деңгейдегі кездесулер өткізілмек екенін атап өтті. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун жаһандық ядролық қарусыздану мен таратпау үдерісіне Қазақстанның бірегей үлесін ескере отырып, яд­ролық қауіпсіздік жөніндегі 22 қыркүйекте болатын жоғары дең­гейдегі кездесуге Нұрсұлтан На­зарбаевты қатысуға және сөз сөйлеуге шақырыпты. Атал­­ған кездесуге АҚШ, Ресей, Фран­­ция, Жапония, Бразилия, Украина және Корея Республикасы – жал­пы саны сегіз мемлекеттің басшы­лары шақырту алып отыр екен. Журналистер сыртқы саясат ве­домствосының ресми өкілінен сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың бірқатар елдердің басшыларымен екі жақты кездесулер өткізетіні жос­пар­ланып отырғанын естіді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясына қатысуы және жалпысаяси пікірталас пен ядро­лық қауіпсіздік жөніндегі кездесулерде сөз сөйлеуі мемлекеттік Тәуелсіз­ді­гіміздің 20 жылдық ме­рей­тойының қарсаңында Қазақ­станның аймақ­та­ғы және әлемдегі маңызды рөлін ай­қындауы тиіс, деді А.Абдрахманов. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.