• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Ауыр атлеттер сайысып жатыр

193 рет
көрсетілді

Қызылордада екі күннен бері ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған Кубок сайысы өтіп жатыр. Оған Алматы қаласы мен барлық облыстардан 152 спортшының басын біріктірген 15 команда қатысуда. Кешеге дейін әйелдердің – 4, ерлердің 2 салмақ дәрежесі бойынша жүлдегерлер белгілі болды.  Ал 94 килоға дейінгі салмақтың жеңімпазына Илья Ильиннің арнайы Кубогі мен сертификаты табыс етіледі. Жарыстың бірінші күні 48 килоға дейінгілер арасында Алматы облысынан келген Юлия Потасова қоссайыста 125 кг (55+70) салмақты бағындырып, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға осы облыстың келесі өкілі – Наталья Бедрик, үшінші орынға жамбылдық Айнұр Әбдіхалықова орналасты. Сондай-ақ, 53 килода Алматы қаласының атлеті Әсел Амангелді 175 кг (79+96) салмақпен алдына жан салма­ды. Күміс медаль  Алматы облы­сының өкілі Александра Лачковаға, қола медаль ақтөбелік Ақмарал Үргенішбаеваға бұйырды. Ерлер арасында 56 килоға дейінгі салмақтың бас жүлдесін Алматы облысының саңлағы Игорь Сон еншіледі. Ол 235 кг (105+130) нәтижесімен бәрінен басым түсті. Екінші сатыға Алматы қаласының өкілі Асхат Ділдаев, үшінші тұғырға қызылордалық Алмат Асанханұлы жайғасты. Жарыстың екінші күнінде әйел­дердің 58 кг салмағында қос­танайлық Сәуле Сәдуақасова 183 кг (83+100) нәтижесімен топ жарды. Келесі екі орынды шығыс­қазақстандықтар Лидия Ануфриева мен Мәдина Астамирова алды. Бұдан кейін 63 кг салмақтың мықтысы болып қызылордалық Әсем Сады­қова танылды. Ол қоссайыста 195 кг (85+110) салмақты еркін еңсер­ді. Екінші-үшінші орындарға шығыс­қазақстандық Дарья Павлова мен Алматы қаласының өкілі Крис­тина Крахалева көтерілді. Ал ерлердің 62 килоға дейінгі салма­ғында қызылордалық Ерболат  Жола­манов үздік көрінді. Ол бұл үшін жиын­тығында 263 кг (117+146) салмақ­ты төбесіне тік ұстап тұрды. Жүлде­герлер үштігін Алматы қаласының атлеттері Анатолий Савельев пен Тимур Хасаров тиянақтады. Жарыс 5 желтоқсан күні мәреге жетеді. Лаура ШОҢҒАЛОВА ҚЫЗЫЛОРДА