• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

«Алтын адам» сыйлығын алды

290 рет
көрсетілді

Астана қаласы Жастар театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай театр өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін биылғы «Алтын адам» ұлттық сыйлығын иеленді. Режиссердің жыл басынан бергі еңбектері мен жетістіктері көрер­мен­нің есінде. Айталық, наурыз айында Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған байқауға Шекспирдің «Асауға – тұсау» комедия­сы­мен қа­тысып, «Жылдың үздік режиссері» ата­лымын жеңіп алған-ды. Онымен қоса, «Еңлікгүл-2016» кәсіби сыйлығын еншіледі. Қыркүйек айында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25 жыл­дығына орай Беларусь Респуб­ликасының Брест қаласында өткен «Белая Вежа» ХХІ халықаралық театрлар фестиваліне Ш.Айтматов пен Ә.Кекілбаевтың «Шыңғысхан» спектаклімен қатысты. Мұнда да Н.Жақыпбайдың туындысы «Ең әсерлі қойылым» атанды. Осы айда ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­­дығына орай Ақтөбе қаласында Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық фестивалі өткен еді. Ж.Пило мен О.Шультездің «Моцарт» мюзиклімен бақ сынаған режиссер «Ең үздік спектакль» жүлдесін жеңіп алды. Қазан айында Талдықорған қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты VI Орта Азия мемлекеттері театрларының халық­ара­лық фестиваліне Шекспирдің «Асау­ға – тұсау» комедиясын алып бар­ған «Алтын адам» сыйлығының иесі бас тұғырдан көрінді. Аталған қойылымдардың барлығын көпшілік Жастар театрының сахнасынан талантты әртістердің орындауында тамашалай алатындығын айта кеткіміз келеді. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»