• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Қаламгердің қос кітабы жарық көрді

438 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Дәстүр» баспасынан Тәуелсіздікке арналған әрқайсысының көлемі 40 баспа табақтан тұратын екі бірдей кітап жарыққа шықты. Алғашқысы – «Тәуелсіздік толғауы», екіншісі «Хранители сокровенного» деп атала­тын кітаптардың авторы, көркем­сөз шебері, Қазақ­стан Республикасы Мем­лекеттік сыйлығының лау­реаты, Махмұд Қашқари атын­дағы «Түрік әлеміне сіңір­­ген аса зор еңбегі үшін» Ха­лықаралық сыйлықтың лау­реаты Сәбит Досанов. «Тәуелсіздік толғауы» «Бұл осылай болған» деген де­ректі әңгімемен ашылады. Автор бұл шығармасында Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы­мен өмірге келген ТМД жайлы байыпты баян­дайды. «Кемеңгерлік құпиясы», «Ұлт бағына туған ұлы тұлға», «Көрегендіктің тағы бір көркем көрінісі» атты шығармаларда Елбасының көрегендігі мен халықтың ерен еңбегі арқасында тәуелсіздік жылдары еліміз жеткен жетіс­тіктер көркем образ, келіс­ті тілмен кестеленген. «Хранители сокровенного» кітабына топтасқан «Пре­зидент знает чаяния людей», «Территория мира и согласия», «Культура – это паспорт нации» деп тізбектелген көкейкесті көсемсөздерде автор тәуел­сіздік жайлы толымды ой толғайды. Қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген қос кітаптағы шығармалар – Тәуелсіздік жылдарының көркем шежіресі! Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»