• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Есептік-сайлау конференциясы өтті

241 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалында облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен XXI есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова қатысты. Жиында  ел Тәуелсіздігі 25 жылдығының Декларациясын қабылдаудың маңыздылығы, еліміздің өсіп-өркендеуіндегі Елбасы рөлі айтылды. Партияның облыстық филиалының 2015-2016 жылдары атқарған жұмысы жайында ақпарат берген партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко филиал қызметінің басым бағыты  Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Бұл «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегия, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасына қатысты, – деді. Бүгінде облыстық партия ұйымында 63 785 мүше бар. Облыстық филиал құрылымы 13 аумақтық филиалдан, 407 бастауыш партия ұйымы, соның ішінде 1000 адамнан астам мүшесі бар 10 бастауыш партия ұйым­ынан тұрады. Облыстық партия ұйы­мының 41,2 пайызын экономика саласы­ның, қызмет көрсету, шағын және орта бизнес пен шаруа қожалықтары өкілдері,  24,7 пайызын әлеуметтік сала мамандары құрайды. Конференцияда партияның облыстық филиалының саяси кеңесі мен бақылау-ревизия­лық комиссияның жаңа мүшелері сайланды. Сонымен қатар, жергілікті филиалда сайлауалды платформаның жүзеге асырылу барысы, қоғамдық қабылдаулардың қызметі туралы да жан-жақты сөз болды. Конференция соңында партия хатшысы Наталья Годунова облыс әкімі Болат Бақауовқа «Белсендi еңбегі үшiн» төсбелгісін табыстады. Фарида Бықай, «Егемен Қазақстан» ПАВЛОДАР