• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Аналар алқа тақты

268 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы республикамызда бала туу көрсеткіші бойынша көш басында келеді. 1991 жылы өңірде 340 мың тұрғын болса, қазіргі таңда көшіп келушілер мен табиғи өсім есебінен бұл көрсеткіш 640 мың адамға жеткен. Тәуелсіздік алған соң еліміз бойынша алғаш ашылған Мұнайлы ауданын осыдан 9 жыл бұрын небәрі 43 мың адам мекен етсе, қазір ол – 140 мың тұрғыны бар іргелі аймақ. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мере­кесі қарсаңында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева көп балалы аналардың бірқатарына «Алтын алқа» және «Күміс алқаны» табыс етті. – Өңіріміздің бала туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы орында болуы – аналардың арқасы. Қазіргі таңда облыста 6472 «Алтын алқа», 7411 «Күміс алқа» иегері тұрады. Ел бірлігін, Отанымыздың гүлденуін отба­сындағы өзара сыйластық, бауыр­малдық сүйіспеншіліктер дамыта түседі. Сондықтан, аналардың баланы өмірге әкелумен бірге, оларды тәрбиелеудегі рөлі зор», – деді Б.Нұрғазиева. Биыл өлкемізде «Алтын алқаға» қол жеткізген аналар саны 104 болса, 300 ана – «Күміс алқаның» иесі. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 4 ана «Алтын алқаға», 7 ана «Күміс алқаға» ие болды. Алтын құрсақтылар арасындағы ең жасы – 35 жаста. Марапатталғандар арасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» Маңғыстау облыстық филиалының қызметкері, «ӨзенМұнайГаз» АҚ опе­ра­­торы, мейірбике бар. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ