• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Джейкобспен келіссөздер қалай жүріп жатыр?

153 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер ESPN-ге берген сұхбатында американдық Дэниел Джейкоб командасымен арадағы келіссөз жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Бұдан бұрын Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) промоутерлерге екі жақ қол қойған келісімшартты 7 күннің ішінде ұсынуларын талап еткен болатын. Ондай болмаған жағдайда айқас промоутерлік сауда-саттыққа қойылмақ. "Әдетте олар 10 күн беретін - бұл стандарт, бірақ мерзімнің ұзартылуы боксшының жеке кестесіне сәйкес 12 немесе 14 күн болуы да мүмкін. Менің ойымша, мәміле жасалатын шығар. Өйткені әр сөйлескен сайын Эл Хэймон маған Джейкобстың айқасқысы келетіндігін айтты, енді тек кейбір мәселелер ғана қалды, онымен жұмыс істеп жатырмыз",-деді Лёффлер. Головкин - Джейкобс  айқасы 10 желтоқсанда өтуі тиіс еді, бірақ табысты бөлу жағын промоутерлер реттей алмағандықтан жекпе-жек шамамен наурызға ауыстырылды. Еске сала кетсек, тәртіп бойынша гонорар WBA титулының иегері Головкиннің пайдасында 75 те 25 пайыз болуы тиіс. Бірақ Хэймон мұны 60/40-қа өзгертуді сұрады. WBA олардың апелляциясын  қабылдаған жоқ.