• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Канадада үш ресми тіл болуы мүмкін

403 рет
көрсетілді

Канаданың либералды үкіметі ым-ишара тілін үшінші ресми тіл ету мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды National Post. Бұл ұсынысты Мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істейтін министрлік айтқан. Егер бұл заң қабылданса, мемлекеттік мекемелердің ақпараты ағылшын, француз және ым-ишара тілімен беріледі. Бірақ Канадада 2 ым-ишара түрі бар екен. Бірі - америкалық үлгісі болса, екіншісі квебектік. Заң жобасын ұсынған министр Карла Куальтроның айтуынша, бұл құлағы нашар еститін адамдарға қоршаған ортаға бейімделуге жақсы мүмкіндік болмақ.