• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Өзбекстанда 100 мың адам мерзімінен бұрын дауыс берді

114 рет
көрсетілді

Өзбекстандағы президенттік сайлауда 115 мыңға жуық адам мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды « Интерфакс». Мерзімінен бұрын дауыс беру сайлаудан он күн бұрын - 24 қарашада басталып, 2 желтоқсанда аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының деректеріне қарағанда, сайлауда 21,5 миллионға жуық сайлаушы дауыс беруі тиіс. Еске сала кетсек, Өзбекстан президентін сайлау 4 желтоқсанда өтеді. Өз кандидаттарын төрт саяси партия тіркеді. Кәсіпкерлер мен іскер адамдар қозғалысы - Өзбекстанның Либеральдық-демократиялық партиясы президенттіке мемлекет басшысы міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевті, "Миллий тикланиш" демократиялық партиясы - парламенттің төменгі палатасы спикерінің орынбасары Сарвар Отамурадовты, Өзбекстан Халықтық-демократиялық партиясы  және "Адолат" Социал-демократиялық партиясы өз көшбасшылары  - Хотамжон Кетмонов пен Наримон Умаровты тіркеді.