• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Өзбекстанда сайлауалды науқан тоқтатылды

140 рет
көрсетілді

Өзбекстанда дауыс беруге бір күн қалғанда сайлауалды үгіт-насихат науқаны тоқтатылды, деп хабарлайды gazeta.uz. Өзбекстанда Президенттікке үміткерлердің сайлауалды науқаны тоқтатылып, «үнсіздік күні» орнады. 4 желтоқсан күні болатын дауыс беруге бір күн қалғанда, яғни 3 желтоқсан сағат 00:00-де БАҚ және басқа да құралдарды пайдаланатын сайлауалды науқанын жүргізуге тыйым салынған. Билік «үнсіздік күніне» дейін үміткерлердің жарнамаларын алып тастауды міндеттейді: үгіттейтін баспа материалдары, парақшалар мен плакаттар. Тек Орталық сайлау комиссиясының үміткерлердің өмірбаяны жазылған ақпараттық материалдарға рұқсат етілген, себебі ол сайлауалды үгіт-насихатқа еш қатысы жоқ деп танылған. Тыныштық  күні үміткерлердің сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге шақыруларына жол берілген.    
Соңғы жаңалықтар