• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Футболдан Англия құрамасының бас бапкері тағайындалды

129 рет
көрсетілді

Англия құрама командасының бас бапкері болып қырық алты жастағы Гарет Саутгейт тағайындалды, деп хабарлайды football.ua. Ағылшын аяқ доп шаруашылығының басшылары ресми мәлімдеме жасап, енді Гарет қызметке кіріскенін жариялады. Жалақысы да белгілі. Саутгейт жылына бір жарым миллион фунт алатын болды. Келісім 2020 жылға дейін. Демек, әлемдік доп додасында ғана емес, ағылшындар кезекті құрлық біріншілігіне де Саутгейттің қол астында жаттығады. Гарет шәкірттері келер жылдың 22 наурызында Германиямен жолдастық кездесу өткізеді. Бас бапкер Уэйн Руни ұлттық құрама капитаны болып қала беретінін де айтыпты.