Калифорнияның бұрынғы губернаторы және актер Арнольд Шварцнеггер Франция президенті Франсуа Олландқа келесі президенттік сайлауға қатыспау туралы шешіміне байланысты хат жолдады, деп хабарлады Le Parisien басылымы.
— Франсуа, қабылдаған шешіміңізбен құттықтаймын. Сіз - адамдар арасындағы және қоршаған ортадағы чемпионсыз. Біз сізді жақсы көреміз. Сәлеммен, Арнольд, - деп жазылған хатта.
Басылымның айтуынша, актер мен президент алғаш рет 2014 жылы Парижде кездескен.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Франсуа Олланд келесі сайлауға түспейтінін айтқан болатын.