• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2011

Кеңестің көшпелі отырысы

370 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Өскеменде Парламент Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы болды. Шара «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін өзі басқару және оны заңнамалық тұрғыда реттеуді жетілдірудің келешегі» тақырыбына арналды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Жергілікті актив алдында Қайрат Мәми сөз сөйледі. Бұл кездесудің ел тәуелсіз­ді­гінің 20 жылдығы қарсаңында өтіп отыр­ғаны маңызды екенін атап өте келіп, Төраға Қазақстан мемле­кет­тілігінің қалыптасуы мен даму­ын­дағы 2011 жылдың тарихи ке­зең екенін атап өтті. Қ.Мәми Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығы декларациясын қабыл­дау жөніндегі Парламенттің бас­та­масы туралы әңгімелеп, онда дербес даму кезеңіндегі Қазақ­стан­ның басты жетістіктері көр­се­тілетіні жайына тоқталды. Жергілікті билік орган­да­ры­ның рөлін нығайту және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелеріне қатысты Қ.Мәми «Нұр Отан» партиясының ХІІІ съезінде еліміздің Президенті сая­си жүйені одан әрі жаңғырту қажеттігін айтқанын, оның ма­ңыз­ды құрамы Парламент өкі­лет­тігін кеңейту мен жергілікті билік органдарының рөлін нығайту екенін атап көрсетті. – «Жергілікті өзін өзі басқару мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды және күшті буыны болуы тиіс», – деді Төраға. Жо­ғар­ғы заң шығару органында жер­гілікті өзін өзі басқаруды да­мыту мәселелеріне ерекше назар аударылады. Парламент Сена­тын­да Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және «Өңір» депутаттық тобы құрыл­ды. Бұл құры­лым­дар­дың жұмысы осы саладағы заң­наманы жетілдіру мен аймақ­тар­ды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған. Елімізде алғаш рет Өскеменде 1996 жылы жергілікті өзін өзі бас­қару комитеттері пайда бол­ған еді. Жергілікті маңызы бар мәселе­лер­ді шешуге азаматтарды қатыс­ты­руда оң тәжірибелер жи­нақталды. Төраға атап өткендей, оң тәжі­рибені зерделеу жергілікті өзін өзі басқарудың қазақстандық үлгісін  жетілдіруге қызмет ететін болады. Биылғы сәуір айындағы ке­ңей­тілген отырыста Мемлекет бас­шысы Үкімет алдына жергілікті өзін өзі басқаруды кеңейту жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеп, мемлекеттік өкілеттік­тер­дің бір бөлігін жергілікті өзін өзі басқару орган­дарына беруді тапсырған болатын. – «Жергілікті өзін өзі бас­қа­ру­ды дамыту азаматтық бастама­лар­ға жол ашады, жергілікті ха­лықтың әлеуметтік белсенділігін, олардың өздері тұрып жатқан жердің жағдайына ұжымдық жауапкершілігін арттыруға жәрдем­деседі», – деді Қ.Мәми. Көшпелі отырыс оn-line тү­рін­де өтіп, 1500 адамды қамтыды және талқылауға барлық дең­гейдегі мәслихаттар депутаттары, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкіл­дері қатысты. Актив оты­рысы кезінде Сенат Төрағасы оты­рысқа қатысушылар қойған сауалдарға жауап берді.