Арнайы операциялар күштерінің басқару органдарын, құрамалары мен әскери бөлімдерін тексеру барысында әскерлерді басқару, байланыс күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігіне басты назар аударылды. Комиссияның тексеру нәтижесі әскери бөлімдердің жасақталуы мен жабдықталуын, қару-жарақтың, әскери техника мен оқу-материалдық базаның арналым бойынша тапсырмаларды орындауға бағалауға толық көлемде мүмкіндік берді. Жазғы оқыту кезеңіне дайындық зерделеніп, әскерлердің жауынгерлік машығының тиімділігін арттыру жолдары белгіленді. Арнайы операциялар күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдері бейбіт және соғыс уақытында уақтылы қолдануға сақадай сай, ұдайы әзірлікте болатындарын айта кету қажет. Жалпы алғанда, арнайы операциялар күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігі жоғары. Олар белгіленген талаптарға сай келеді.
Қазақстан
•
02 Маусым, 2017
ҚР ҚК Бас штабының комиссиясы арнайы операциялар күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерін тексерді
258 рет
көрсетілді
Әскери ведомство басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған комиссия арнайы операциялар күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерін тексерді.