• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Маусым, 2017

Әзербайжанда қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды

243 рет
көрсетілді

Бакудегі заманауи өнер орталығы қазақстандық суретшілердің «Күн мен неондар астындағы Қазақстан» атты көрмесін ашты. Бұл туралы «ҚазАқпарат».

Көрмеге 16 қазақстандық суретші, соның ішінде 5 жас өнер қайраткері қатысуда. Олар қалалық ландшафтар мен әсем көріністер тақырыбын зерттейді және тарихпен әуестенеді. Көрме аясында қалалық өмірдің шынайылығынан оқшаулану аясында жеке тұлғаның эмансипациясы мен жеке өмірі тақырыбымен айналысатын жас суретшілер буыны таныстырылды.

Көрме Е.Мелдібеков, Б.Бубиканова, Г.Маданов, З.Терекбай, А.Меңлібаева және басқа да суретшілердің 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында жасаған жұмыстарын біріктіреді.

Көрме үстіміздегі жылдың 7 маусымынан 29 қазанына дейін жалғасады.