Салтанатты шара барысында жас спортшылар өздерінің бірінші жаттығуын кешеннің түрлі залдарында Николай Цой, Николай Снегуров, Елена Котова, Дастан Аяпбек, Василий Черников сынды атақты спорт шеберлерімен бірге өткізді.
Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені Майқұдықтағы Белинский көшесінің бойында ашылды. Нысанның құрылысы 2014 жылы басталған. Ғимараттың жалпы ауданы – 2384,3 шаршы метр.
Спорт кешені үш қабатты, екінші қабатта 100 көрерменге арналған әмбебап мінбер салынған. Сонымен қатар, 4 жолақты бассейні де бар.
Үшінші қабатта 15 адамға арналған киім ауыстыру бөлмесі, душ, бапкерлер бөлмесі, бокспен шұғылдану залы бар.
Осы спорт кешенінде бокстан, ойын түрлерінен, ауыр атлетика және жүзуден жаттығулар тегін жүргізіледі.