• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
30 Қыркүйек, 2011

Құрылыстағы қолтаңба

381 рет
көрсетілді

Алматыдан шыққаннан жол бойындағы жарнамалар бірден көзге шалынады. Солардың қата­рында «Кнауф Гипс Қапшағай» өндіріс орнының атауы мен атқа­ра­тын қызметі де жарнамаланған. Бұл тегін емес. Өйткені, аталған ком­пания ғимараттардың ішкі және сыртқы өңдеу, әрлеу жұмыс­тарына арналған құрылыс мате­риал­дарын шығаратын халықара­лық кәсіпорындар жиынтығын құрайды. Құрамына әлемнің 40-тан астам мемлекетінде орналас­қан 150 зауыт кіретіні тағы бар. Жоғары технологиялық, заманауи, экологиялық жағынан қауіп­сіз және тиімді өнеркәсіптік желілерді енгізген компания жергілікті шикізат пен мамандарды жұ­мысқа тарту арқылы жоғары са­па­лы өнім шығарудың тиянағын келтіріп, рыноктағы өз орнын нықтай түскен. Аталған өндіріс орнының бас директоры Александр Ефименко серіктестіктің бүгінгі қарқынды дамуына кәсіби деңгейде өз бағасын береді. Жұмыстың нәтижесі кәсіп­орын­ның сапалы өнім шығаруды оның рыноктағы сұранысын да­мытумен қатар жүргізіл­генді­гін­де. «Кнауфтың» басқа батыстық компаниялардан ерекшелігі жұ­мыс орындарын экспорттаудың орнына кәсіпорын ашылған мекенде жаңа жұмыс орындарын құрып, ел игілігіне үлес қосуы. «Кнауф Гипс Қапшағай, ДЭГ қатысуы бар кәсіпорын» серіктестігі 2003 жылы құрылып, 2004 жылы 19,5 миллион долларды құ­райтын шетелдік инвестиция тарту жөнінде келісім-шартқа қол қой­ған. 2005 жылы аталмыш кәсіп­орында 12,0 млн. шаршы метр көлемінде алғашқы қазақстандық құрылыс өнімдерін шығарып, екі жаққа да тиімді жұмыстың нә­тижесін көрсетті. Құрылыс материалдары ры­нок­­та үлкен сұранысқа ие. «Кнауф» фирмасының технология­ларын енгізу нәтижесінде 2007 жылы зауыт қарқыны қабырғаға ар­налған жап­сырмалар шығару­ды 32 миллион шаршы метрге, ал профиль шығаруды 4,6 миллион метрге жеткізді. Қазіргі таңда елімізде өнім шығарушы 3 кәсіпорын, 4 маркетингтік филиал және 500 қыз­меткерден тұратын дилерлік және оқыту орталық­тары бар. Зауытта техно­ло­гиялық үдеріс­тер ға­на емес, сонымен қа­тар ры­ноктық дамуы­на да күш салынған. Өн­діріс орны жұмыс бас­талы­сы­мен маркетингтік кәсіпорын аш­қан. Оның филиалдары Астана, Ақтау, Тараз қала­лары мен көршілес Қыр­ғыз елінде де жұ­мыс­­тарын жалғас­ты­руда. Зауыт құрылыс ма­мандарының кәсіби біліктілігін арттыруда ауқымды жұмыс­тар атқарып  әкеледі. Қазіргі таңда үш оқу және үш ресурстық орталық жұмыс істесе, мұнда 5523 құрылыс маманы оқуын тәмамдап, бүгінде көптеген алып құрылыс­тарда қолтаң­ба қалдыруда. Құрғақ қоспалар маманы» арнайы білім беру реестріне енгізілгені де игі істің жемісі. Сондай-ақ, құрылыс мамандарының білімін арттыру мақсатында компания мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасында арнайы меморандумға қол қойы­лып, Германияның техникалық жоғары оқу орындарымен де ке­ліс­сөздер жүргізгені ізденісті іс­тердің бірі. Осылайша жұмыс­шылардың тұрақтылық, қаржы,  ақпараттық технология және құ­қықтық саладағы білімдері жетілдірілуде. Соң­ғы жыл­­да­ры мұн­дай шараларға компания­ның Гер­ма­­ниядағы бас мекемесіндегі қыз­мет­керлер де белсенді қатысуда. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.