• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бизнес 09 Маусым, 2017

ЕҚҚДБ Қазақстанда жасыл энергетикаға қаржы сала бастады

128 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚҚДБ) энергетика және табиғи ресурстарды жөніндегі Басқарушы директоры Нандита Паршадпен кездесті.

Екіжақты кездесу барысында тараптар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. ЕҚҚДБ Қазақстан Республикасына 1993 жылдан бері жалпы көлемі 7,3 млрд еуроны құрайтын 222 жобаны қаржыландырған.

ЕҚҚДБ Энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі басқарушы директоры Нандита Паршадтың пікірінше, аталған банктің Қазақстан экономикасына бүгінге дейін салған 7,3 млрд еуроның 40 пайызы энергетика саласына, соның ішінде дәстүрлі қуат көздеріне инвестицияланса, соңғы кездері елдің баламалы энергия көздеріне де бұл банк қаржы бөле бастаған. Атап айтар болсақ, банк бүгінге дейін Екібастұздағы жел электр станциясы мен Бурное электр станциясын қаржыландырған. Қос станцияда 50 МВт қуат шығаруға қауқарлы. Екі жобаға банк шамамен 150 млн доллар бөлген.

Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы банк әзірлеген ЕҚҚДБ-ның 5 жылға арналған Қазақстандағы ынтымақтастықты дамыту стратегиясының мемлекеттік және жеке сектордың рөлін реттеу, қаржы көздеріне қолжетімділікті кеңейту, банк секторын күшейту және жергілікті капитал нарығын дамыту, өңіраралық іс-қимылды және халықаралық интеграцияны күшейту, жасыл экономикаға көшуді жеделдету сияқты салаларда өзара тиімді ынтымақтастықтың орнағаны айтылды.

Тараптар екіжақты әріптестіктің қазіргі деңгейін жоғары бағалай отырып, табиғи ресурстар мен энергетика секторындағы ЕҚҚДБ жобаларын іске асыру мәселелерін, соның ішінде гендерлік теңдік және әйелдердің осы сектордағы рөлін арттыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚҚДБ арасындағы келісім шеңберінде «Әйел бизнесте» атты жоба іске асырылып жатқаны айтылып, бүгінде осы жоба бойынша 7 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне 5,8 млрд теңге көлемінде қарыз берілгені тілге тиек етілді. Қаржыландырудан бөлек, аталған банк бизнестегі жаңа технологиялардың игерілуін қамтамасыз ету жолында да жұмыс істейді.

Бауыржан МҰҚАНОВ,

«Егемен Қазақстан»