• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
30 Қыркүйек, 2011

Дәнеш есімі ел есінде

415 рет
көрсетілді

Жетісудың жазиралы мекені – Жаркент жерінен шыққан елімізге танымал тұлғалар жеткілікті. Солардың бірі – дәстүрлі орын­даушылық шеберлігімен күміс­көмей әнші атанған Қазақ­стан­ның халық әртісі Дәнеш Рақы­шев. Ән әлемінде өзіндік орны бар әнші соңына өшпес мұра қалдырған. Сондықтанда «Ән көгіндегі сөнбес күн» тақыры­бында Дәнеш Рақышевты еске алу кешіне алыс-жақыннан өнер­дегі танымал тұлғалар жиналды. Қазақ өнерінің қазынасына мол мұра қалдырған әнші жайлы Панфилов ауданының әкімі Ермек Келемсейіт мазмұнды баяндама жасады. Кеште әншінің 85 жасқа толуы құрметіне ұйымдас­ты­рылған «Ән салсаң, Дәнештей сал» байқауының қорытындысы шығарылып, бас жүлдені Талды ауылының әншісі Ерік Нүсіп­беков иеленді. Сондай-ақ, спорт түр­лерінен өткізілген жарыс­тардағы табыстары үшін «Дәулет Жаркент» спорт клубының ұжы­мы бірінші, ардагерлер коман­дасы екінші, көкталдық футбол­шы­лар үшінші орынды жеңіп алды. Әншіге арналған арнау жыр­лар да аз болмады. Халық­аралық Алаш сыйлығының иегері, ақын Оразақын Асқар, тағы басқалар­дың терең толғаныстары әнші әруағын асқақтатты. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.