• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2017

Корея павильоны әзірлігін пысықтады

225 рет
көрсетілді

ЭСКПО-2017 көрмесінің ресми ашылу салтанатының қарсаңында Корея павильонында келушілерді қарсы алу үшін әзірлік соңғы рет пысықталды. Бұл туралы аталған ел павильонының facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды. 

Соңғы әзірлікке елдің Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Чу Хёнг Хван, павильонның құрметті өкілі, киножұлдыз Со Кан Джун қатысты.

Корея павильон қонақтарын анимациялар мен технологиялық безендірулердің көмегімен болашаққа саяхат жасатуды ұсынып отырғанын айта кетейік.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»