• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 09 Маусым, 2017

EXPO-2017. Ашылу салтанаты 20:17-де басталады

181 рет
көрсетілді

EXPO-2017 халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі сағат тура 20:17-де басталады. Бұл биылғы көрме өтетін жылды білдіретін символдық уақыт деп тауыпты ұйымдастырушылар.

Салтанатты шара «Қазақстан» телеарнасында, Амфитеатр мен Конгресс-орталықта орналасқан экрандардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, көрме аумағындағы медиа орталықта жұмыс істеп жатқан журналистер көрме туралы ақпарат таратумен шұғылдануда.

«Астана ЭКСПО-2017» АҚ баспасөз қызметінің xабарлауынша, көрменің ашылу салтанатына 2 мыңнан астам журналист келген. Оның ішінде 1500 журналист Қазақстанның түкпір-түкпірінен келсе, 700-ге жуық шетелдік тілші аккредитациядан өткен екен.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»