Дебют дегеніміз – шахмат партиясының бастамасы. Жақсы бастама жасау тек шахматтағы сәттілікке ғана байланысты емес. Сәтті дебют– пәтер, немесе үй сатып алғанда да кездеседі. Пәтер мәселесін шешудің қандай тәсілдері бар екен? Алғашқыда қиын болып көрінетін осындай сұраққа, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» лайықты жауап тапқан: төмен пайыздық мөлшерлеменің үйлесімі мен тиімдісі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі.
Баспана іздеудің әдеттегі жолы – барлық банктерді шарлап, түрлі газеттердегі хабарландыруларды саралап шығу. Және ең өкініштісі, қолайлы шарттардың және қажетті жағдаймен берілетін несиелердің жоқтығы. Өкінудің қажеті жоқ, себебі, іздеген адам қашан да іздегенін табады. Ғаламтордан «пәтер сатып алу жолдары» деген сөз тіркестерін теріп көрейік. Көптеген сілтемелердің арасында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» сайтында және Премьер-Министрдің ресми сайтында орналасқан «тұрғын үй жинақтаулары» атты сөз көзге ілінеді. Бір сөзбен айтқанда, тұрғын үй мәселесі жалпы халықтың мәселесі емес, сонымен қатар мемлекеттік маңызы бар іс.
Аталған жүйе несімен ерекшеленеді? Біріншіден, бұл бағдарламаға алынған несие төлеуге мүмкіншілігі жетерлік барлық азаматтар қатыса алады. Екіншіден, іс келісімі өте қарапайым: 50%*50%. Салымның жартысын салымшы жинақтаса, қалған жартысын Банк тұрғын үйді иемдену, пәтер жөндеу, немесе үй тұрғызу мақсаттарына заем ұсынады. Салымшы жылдық 2 % мөлшерінде сыйақысы бар қор жинақтайды. Ең жоғарғы жылдық тиімді сыйақы мөлшері 12,7 % құрайды. Пайыздық мөлшерлемелерді жинақтаудың барлық кезеңінде тұрақты болып табылады, яғни салымшылардың мүдделері Банк үшін аса маңызды.
Үшіншіден, жыл сайын мемлекет тарапынан салымшыларды ынталандыру мақсатында 20% көлемінде сыйлықақы беріліп, ол өз кезегінде төлем жинақтауға үлкен серпіліс береді!
Салымшы өз жағдайы мен мүмкіндігіне қарай, қолайлы жинақтау мерзімін таңдай алады. Мысалы, «Бастау» тарифтік бағдарламасы. Аты айтып тұрғандай, бұл бағдарламамен сенімді жинақтау жүргізуге болады. Жинақтау мерзімі де айтарлықтай көп емес, небары 3-3,5 жыл, бұл жағдайда тұрғын үй несиесі 6 жыл мерзімге беріледі. Тұрғын үй заемы бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 5% (тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5,3% дейін).
«Өркен» тарифтік бағдарламасы арқылы сізге баспана мәселесін шешуге үлкен жеңілдік қарастырылған. Жинақтау жобасының мерзімі шамамен 5,5 жыл. Баспана несиесінің жылдық сыйақы мөлшері 4,5% (тұрғын үй заемының жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 4,7% дейін). Тұрғын үй несиесін беру мерзімі — 10 жылға дейін.
«Кемел» бағдарламасы бойынша да жинақтауға мүмкіндіктер бар. 15 жылға дейін несие берудің жинақтау уақыты – 8,5 жыл. Тұрғын үй заемын берудегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 4% құрайды (тұрғын үй заемының жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 4, 2% дейін).
Келешекте қажет болатын «Болашақ» тарифтік бағдарламасына қосылу мүмкіндігін бүгіннен бастап ойластыру абзал. Аталған бағдарлама өскіншектердің баспана мәселесін шешуге бағытталған. Осыны ескере отырып, 15 жыл бойы қаражат жинақтаған жөн, содан соң несие 25 жылға ұсынылады. Тұрғын үй заемын берудің жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 3,5% құрайды (тұрғын үй заемының жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 3,6% дейін).
Тұрғын үй бойынша несиелеудің тиімді шарттары.
Клиенттердің деңгейіне байланысты Банкте үш түрлі тұрғын үй несие түрлері бар: тұрғын үй заемы, аралық тұрғын үй заемы, алдын-ала тұрғын үй заемы.
Шарт сомасының 50%-ын несиелеудің жылдық мөлшерлемесі 3,5%-5% негізінде жинақтаудың ең кең тараған түрі – ол тұрғын үй заемы.
2011 жылдың 1 шілдесінен, желтоқсан айының 25-не дейін несиелеудің екі түрі бойынша пайыздық мөлшерлемелер төмендетілді. Пайыздық мөлшерлемелердің төмендетілуі – баспана сатып алуды, немесе үй салуды тездететін бірден-бір құрал болып табылады.
Әрине, адамдар да, олардың басындағы жағдайлар да сан түрлі болады. Егер де, салымшылардың қолындағы қаражат сатып алар үйдің 50 пайызын құраса, немесе оны жылдам жинақтаған болса, оларға аралық тұрғын үй несиесі тура сәйкес келеді. Аралық тұрғын үй несиесі бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8,5% құрайды (тұрғын үй заемының жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі –17,5%-ға дейін). Сондай ақ, бұл деңгейдегі клиенттер аралық тұрғын үй заемын 9,5% жылдық пайыз мөлшерлемесімен «Жеңіл» бағдарламасы арқылы алуына болады. Тұрғын үй жылдық сыйақы мөлшерлемесі 9,5% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі –15,7% дейін). Негізгі қарызды өтеусіз, несиеге 3 жыл қызмет көрсету – «Жеңіл» бағдарламасының негізгі ерекшелігі болып табылады. Көрсетілген уақытта тек сыйақы төлемі ғана өтеледі де, осылай клиенттерге төлем жүргізуге жеңілдіктер жасалынады.
Бірден баспана сатып алатын клиенттерге Банк арнайы алдын-ала тұрғын үй заемын жинақтаусыз беру қарастырған. Осы заемды алу үшін алдын-ала заем бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 11% құрайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15,1% дейін). Егер келісілген соманың 25 пайызы мерзімнен бұрын жиналып тұрса, алдын-ала несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 10,5 пайызды құрайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,3 пайызға дейін).
Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көптеген мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламаларының қатысушысы болып табылады. Осы жылы 2011-2014 жылдарға бағытталған Банк пен облыс әкімдіктері қатысатын тұрғын үй құрылысы туралы бағдарламасы қабылданды. Бір шаршы метр толық даярланған баспана бағасы Алматыда 142 500 теңге, Астана мен Ақтауда 112 500 теңге, ал қалған аймақтарда 90 000 теңге. Бір сөзбен айтқанда, тұрғын үй пулына қатысу үшін өтініш қабылдау туралы хабарландыруларды мұқият бақыланыздар!
Дебютте жеңіске жету үшін уақыт бағалы. Осы ереже тұрғын үй құрылыс жинақтарында да маңызды. Сіз, осы мақаланы оқып отырған кезде 200 Банк салымшылары бақытты пәтер иесі атанды. Ойларыңызды таразылап, дұрыс қадам жасау үшін осыны ойланып көріңіз.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – төзімділер мен үнемділер уақыты!
Ибраһим Каппасов.
Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанды қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 46-62-26, Көкшетау қ., 32-35-60, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz