• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
30 Қыркүйек, 2011

Жас жүректер лүпілі

294 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік – киелі ұғым және екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Оның қазақстандықтар ұғымында қалыптасқанына да 20 жыл. Жыл бойы өңірдегі аудан, қала мен елді мекендерде жас­тардың дүрмекті кездесулері, форумдары жалғасын тауып келеді. Бірін-бірі қайталамайтын басқосуларда жастардың Отанға деген жігері, сүйіспеншілігі арнасынан асып, төгілуде. Осындай жас­тар форумы Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде өткізілді. «Ел мен жерді құрметтеу – азаматтық парыз!» тақы­ры­бын­дағы жиында еліміздің Әнұраны асқақтап, мемлекеттік Туымыз биікке көтерілді. Жастардың «Жасай бер, жайнай бер – жаңа Қазақстан!», «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» көрнекіліктері жиналғандар назарын аударды. Қызығарлығы – «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты аудандық ұйы­мы­ның жетекшісі Индира Асанова бүгінгі тәу­елсіздік туы астында тыныстаған құрбы-құрдастарының бә­се­кеге қабілетті білім алып, мамандық меңгеруіне барлық жағ­дай жасалғанын айтты. Дәл осындай жастар симпозиумы Қаратал ауданының Үш­тө­бе қаласында жалғасып, «Мемлекеттік рәміздер – ел белгісі, ұлт мақтанышы» тақырыбындағы іс-шарада еліміздің рәміздерін құр­меттеу сезімі, елжандылық қасиет жастық жалынмен аста­сып, баршаның мерейін тасытты. Бүгінгі жастар білімді, әрі қоғамның дамуына үн қосатын талапшыл. Халық көп жиналған алаңдағы асқақтаған әсем ән мен күм­бір­ле­ген күй көңілдерді сусындатып, бейбіт елдің аспанында қалықтады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.