Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Талғат Жанжүменов бастаған қазақстандық әскери делегация «Нижний Тагил-2011. Ресей қару-жарақ көрмесі» атты VIII халықаралық қару-жарақ пен әскери техника және оқ-дәрілер көрмесіне қатысты.
Мұнда небір әскери қаhарлы техникалардың ұрыс кезіндегі мүмкіндіктері кедергілермен жүру арқылы көрсетілді. Сол сияқты жауынгерлік, инженерлік-саперлік және автокөлік техникаларының мүмкіндіктері жаттығуларды жүзеге асыру барысында көпшіліктің көз алдында өтті.
Көрмеде Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Владимир Путинмен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Талғат Жанжүменов кездесіп, Ресей үкіметінің басшысына екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешекте даму барысы туралы хабарлады.
Ал Ресей Федерациясының Премьер-Министрі екіжақты байланыстың болашақта дамуына қызығушылық танытты.
Көрме жұмысының қорытындысы бойынша екі ел арасында бірлесіп танк жасау, автоқұрылыс, әуе шабуылына қарсы жүйелерге қызмет көрсету сияқты келісімдерге қол жеткізілді.
Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.