• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
30 Қыркүйек, 2011

Дін – қоғамның ажырамас бөлігі

409 рет
көрсетілді

Сенатта діни қызмет пен соған ілеспе заң жобалары қабылданды Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен палатаның кезекті жалпы отырысы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар бірқатар заң жобаларын талқылап, олардың кейбірін бірінші оқылымда мақұлдады. Бірінші кезекте «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы тура­лы» кодекстің жобасы талқыға түс­се, ол бойынша қосымша баян­даманы сенатор А.Башмаков жасады. Ол өз сөзінде заң жоба­сы­ның неке-отбасылық қатынас­тар­ды реттеп, олардың өмір сү­руіне кепілдікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, қа­зақстандық отбасын нығайтудағы жаңа құқықтық қағидалардың мүм­­кіндіктерін белгілейтінін атап өтті. Енгізілген өзгерістер негізінен неке-отбасы қатынастарын реттеуге, олардың жүзеге асыры­луы­ның кепілдіктерін белгілеуге, сондай-ақ отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамта­ма­сыз етуге бағытталған. Сон­дай-ақ жобада некені қиюдың, тоқ­татудың, оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібі айқындалған, ерлі-зайып­тылар­дың, баланың (балалардың), ата-аналардың, бала асырап алу­шы­лардың құқықтары мен міндеттері нақтыланған. Баланы асырап алу­дың тәртібі, қорғаншылық пен қамқоршылықты реттеу мәселе­лері, отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, бұрынғы ерлі-зайыптылардың және отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері бекітілген. Ко­декс­те суррогат ана, баланы тәр­бие­леуге беру туралы келісім жасау және оны бұзу, азаматтық ахуал актілерін мемлекеттік органдар­дың тіркеуі мәселелерін реттейтін жаңа ережелер бар. Бұдан басқа кешегі отырыста «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне ұйым­дасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын тал­қылау нәтижесінде депутаттар осы саладағы қолданыстағы заң­дарға түзетулер енгізуге қолдау білдірді. Қызу талқыға түскен «Діни қызмет пен діни бірлестіктер ту­ра­лы» және «Қазақстан Республи­ка­сының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойын­ша Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп баяндама жасады. Сенат депутаты Б.Мұхамеджанов бұрын діни сенімге қатысты заң болғанын айта келіп, қазіргі жобаның аты неге діни бірлестіктер туралы болып өзгертілгені және шеттен келетін діни кітаптарды тексеру мүмкін­дігі туралы сұрағын алға тартты. Агент­тік төрағасы діни сенімге қатысты заң елімізде тоқсаныншы жылдар­дың басында қабылданға­нын, ал 1995 жылы қабылданған Конституцияда діни сенім және ар-ождан бостандығы туралы жазылғанын айта келіп, бұл жобада Конституция­дағы ережелерді қайталамау ескерілгенін жеткізді. Кез келген азамат кітапты шекарадан жеке пайдалану үшін алып өте алады, ал одан көп болса, тарату мақсатында әкеле жатқан­дық­тан, елге кіргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ Дін істері агенттігінің жергілікті жерлердегі құрылымдары арқылы елге әкелін­ген діни кітаптарға сараптама жаса­латыны белгілі болды. Сенатор С.Еңсегенов қазіргі уақытта әртүрлі пікір қайшылық­тары да туындап отырғанын, дегенмен, ол жұртшылық арасына жік туғызуға тиіс емес екенін айта келіп, заң жобасын қолдауға ша­қыр­ды. Осы ретте сенатор заң жо­басының атына қарап үрейленбей, оның мән-мағынасына терең үңі­лу қажет екенін еске салды. «Діни қызмет пен діни бірлестіктер ту­ралы» және «Қазақстан Республи­ка­сының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары талқыдан өткеннен кейін қабылданды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.