• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2017

Қарақия ойпатында ойқастады

743 рет
көрсетілді

Әртүрлі маркадағы темір тұлпар­лар мен олардың экипаж мү­шелерінің шеберлігі Маңғыс­таудың құмды, ойлы-қырлы даласында сыналды. Ралли-рейд ежелде «Ұлы Жібек жолы» керуен жолы жүрген, теңіз деңгейінен 132 метр төменде орналасқан, әлемде тереңдігі жөнінен 4-орын алатын Қарақия ойпаты арқылы өтті.

Әлемдік авто-доданың Маң­ғыстауда өтуі, біріншіден, сайыс үшін қызықты болса, екіншіден, киелі өңірдің сұлу табиғатын, тарихи орындары мен мәдениетін өзге елдерге танытуға жасалған мүмкіндік.

Маңғыстауда өткен «Ралли Қазақ­стан-2017» ралли-рейд Әлем кубогының бе­сінші кезеңі ЭКСПО-2017 көрмесінің құр­метіне орайластырылды. Қазақстан Республикасы Мәде­ниет және спорт минис­трлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі және еліміздің Автомотоспорт феде­рациясының ұйым­дасты­руымен өткізіліп жат­қан сайысқа Қазақ­станмен бірге, Сауд Ара­биясы, БАӘ, Катар, Ресей, Украи­на, Польша, Литва, Гер­­мания, Чехия, Белоруссия, Ни­дер­ланд, Словения, Франция елде­рінен 25 экипаж, 50 спортшы қатысты.

Алдымен Ақтау қаласында теңіз жағалауында салтанатты ашылуы өткен сайыс алты ке­зеңнен тұрды және бір ап­таға созылды. Барлығы 2494 шақырымдық жарыс жолының 1846 шақырымы жедел жүру аймақтары болды.

Темір тұлпарларды тізгіндеген спортшылар Каспий теңізінің батыс жағалауын бойлай жүріп өтті. Кең даланы қою шаңға орап, жапанда құйындата жүйт­кіген жарыс­та шығыстағы ралли жарысының 12 дүркін жеңімпазы, FIA Әлем кубогының жеті мәрте чемпионы катарлық автошабандоз Нассер Әл-Аттия бес күн бойы көш бастап, осы авто-аламанның жеңімпазы атанды. Жарыстың жоғары дең­гейде ұйым­дастырылғанын, Қазақ­станның, Маң­ғыстаудың ерекше әсер еткенін айтқан Нассер Әл-Аттия сайыста сағатына 180-185 ша­қырымға дейін жүріп, барлығы 2200 шақырым жолды артқа тастаған.

Авто-аламандағы қазақ­стан­дық топтың да жетістіктері жаман емес. Еліміздің атынан алты команда қатысып, жалпы есепте 5-орыннан көрінді.

Қазақ даласында темір тұл­пар­­лар­мен сайысқа түскен кә­сіби спорт­шылар енді ралли-рейдті Италия, Испания, Вен­грия, Поль­ша, Ма­рокко, Пор­тугалияда жал­ғас­ты­рып, биылғы жылдың қазан айына дейін жарысқа түспекші.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы