• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Маусым, 2017

Журналистер арасында футболдан жарыс өтеді

256 рет
көрсетілді

Журналистер күніне орай 24 маусымда Астанадағы Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында шағын футболдан жарыс өтеді. Шараны ұйымдастырушы Астана қаласының  ішкі саясат басқармасы.

Еске сала кетейік, өткен жылы бас жүлдені «Қазақ радиосы» қанжығасына байласа, күміс жүлдені  «Хабар» телеарнасы,  қола медальды  «Қазақстан» телеарнасы  еншілеген болатын.  

Жарыс жеңімпаздарына  бағалы сыйлықтар мен  марапаттаулар, арнайы кубоктар  күтіп тұр. Жарысқа қатысу үшін төмендегі мекенжайға хабарласа аласыз. 77782597@inbox.ru, 56-67-06