• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2017

«Жасыл елдің» жастары қазба жұмыстарына қатысады

142 рет
көрсетілді

Атырауда биыл екі мыңға жуық жас «Жасыл ел» еңбек жасағына қатысады. Облыс әкімінің қолдауымен осы мақсатқа 140 млн теңге бөлінді.

«Аталған бағдарлама бойынша 16-29 жас аралығындағы жастардың бес еңбек жасағы құрылды, – дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев. – Көгалдандыру, құрылыс, ауылшаруашылығы, педагогикалық және археологиялық жасақтарға қатысу арқылы жастар тәжірибе жинайды әрі бұл қызметтеріне ақы төленеді».

Биылғы жаңалықтың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасына археологиялық жасақтың қосылуы болып отыр.  Басқарма басшысының айтуынша, мұндай жасақ елімізде бірінші болып Атырау облысында құрылған. 1 маусымнан бастап Қызылқоға ауданының Қарабау елді мекені аумағында «Жасыл ел» жастары жұмысын бастады. Қазір 14 студент ескі қорғандарды қазып, Ұлы Жібек жолы бойында қалған тарихи құндылықтарды іздестіру үстінде. Ал шілде-тамыз айларында «Хан ордалы Сарайшық» қалашығы мен «Таскешу» керуен сарайында қазба жұмыстары жүргізіледі.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»