Олар: облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев, «Қарабура» шаруа қожалығының басшысы Қаршыға Жауымбаев және «Достан ата» шаруа қожалығының басшысы Сейітжан Балжігітов. Екі кандидат өзін-өзі ұсынса, Ғұмар Дүйсембаевтың кандидатурасы Индер аудандық мәслихаты мен облыстық мәслихаттың шешімі негізінде ұсынылған. Сенат депутаттығына үміткерлер мен өкілдеріне тіркелу куәліктері тапсырылды.
«Биылғы сайлаудың ерекшелігі көп, – дейді Асау Ибрашев. – Сайлаушылар электрондық жүйе арқылы тіркеледі. Сайлаушылардың мониторингі онлайн режімде Орталық сайлау комиссиясының веб-сайтында көрсетіледі. Сенат сайлауына облыстағы түрлі деңгейдегі мәслихаттардың 132 депутаты қатысады.
Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»