• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 13 Маусым, 2017

Баянауыл ЭКСПО-2017 туристерін қарсы алады

903 рет
көрсетілді

Қазір туристерге арнап Жасыбай демалыс аймағы, Қоңыр Әулие үңгірі, Кемпіртас, Торайғыр көлі, Сабындыкөл секілді 13 туристік бағыттар жасалынды.

Әсем  табиғатпен таңдандыру мақсатында биыл туристер тұңғыш рет  атқа мініп аралайды. Айнала киіз үйлер толы этно-ауылдар құрылады. Аудан  әкімдігі де туристерді қарсы аламыз деп Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр көлдерінің жағалауын жаңалап, аудан орталығы Баянауыл мен Торайғыр ауылында жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізді.Бәрі де  туристерді қарсы алуға дайын. 

Өңірдегі «Саят Павлодар» және «Пять звезд» туристік компаниялары ЕХРО – 2017 ұлттық компаниясымен келісімшартқа отырып, көрмеде шетелдіктерге қызмет көрсететін ұйымдардардың қатарына қосылды. Келісімшарт шеңберінде  облыста 5 туристік маршрут ашылмақшы. Шетелдіктерге «Павлодар – Ертіс жағасындағы қала», «Баянауыл аңыздары – 1», «Баянауыл аңыздары – 2», «Шалдай орманына саяхат» және «Ертіс-Баян өңірі» деген маршруттар белгіленді. 

Бұл бағыттарда туристер Баянауылдың Жасыбай, Сабындыкөл көлдері, Мәшһүр Жүсіп  кесенесі, Ғабдұлуахит Хазірет кесенесі, «Қаз қонақ» ескерткіштері бар. Негізгі маршруттар өңірдің Баянауыл, Лебяжі, Шарбақты аудандарының және Павлодар мен Екібастұз қалаларының аумағына арналуы керек.   

Аудан әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтің айтуынша, 10 маусымда  арнайы түрде туристік маусым ашылды, жыл бойы жасалған жұмыстар таныстырылды, нәтижесінде Баянауыл ЭКСПО-2017  көрмесіне келген  туристерді қабылдауға дайын, бұл жұмыстардан басқа, туристерге қолайлы болу үшін салынған шағын аэродромның ашылуына облыстық бюджеттен 3 млрд теңге  бөлініпті.  Ұшақ Астанадан Қарағанды арқылы туристерді Баянауылға жеткізеді. Торайғыр көлінің жағасында орналасқан «Ақжанна» туристік-ақпараттық орталығы туристердің демалып, жақсы саяхаттап, Баянауылдың  әсем табиғатымен танысуға  барлық мүмкіндіктері жасауда.

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»