Петропавл қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты жергілікті баскетболшы Игорь Нанаевты өлтірді деген күдікпен ұсталған Д.Айбаровты, Б. Мақатовты, Ж. Әскеровті, А. Меңдібаевты және О. Еламанды кінәлі деп тауып, алдыңғысын 9 жылға, қалғандарын 8 жылға бас бостандықтарынан айырған болатын.
Үкіммен келіспеген қорғаушылар облыстық аппеляциялық сотқа шағым түсіріп, қылмыстық істің біржақты жүргізілгенін, бір ғана куәгердің жауабына сүйенгенін, оған полиция қызметкерлері қысым жасағанын алға тартты.
Айыптаушы тарап бірнеше айғақ келтіріп, қарсы мәлімет берген куәге сес, күш көрсетілгенін айтып, үкімнің өзгертілмеуін сұрады.
Қылмыстық іс облыстық соттың аппеляциялық алқасында қаралып, айыптыларға қатысты жаза күшінде қалдырылды.
Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан»