• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2011

Көркем көріністер әлемі

455 рет
көрсетілді

Астанада  «Көрме» көрмелер ор­талығында  қазақстандық халық­аралық  «Демалыс-Astana  Leisure 2011» туристік көрмесі өтті. Осы­ған орай, көрменің ашылу салтанаты болып, оған  Туризм және спорт министрлігі  Туризм индустриясы ко­ми­тетінің төрайымы  Қарлығаш  Кә­кен, Туризм және спорт ми­нистрінің кеңесшісі  Евгений  Никитинский, Астана қаласы  Туризм, дене тәр­бие­сі және спорт басқар­ма­сы­ның бастығы  Айталап  Қорғам­баев, Сондай-ақ «ITECA» ЖШС-ның туристік жобалар жөніндегі менеджері    Виктория  Павленко қатысты. Аталған көрмеге  Аргентина, Грузия, Қазақстан, Қытай, Біріккен  Араб  Әмірліктері, Ресей, Тай­ланд, Түркия, Швеция, Украина сынды елдерден алпысқа жуық компаниялар қатысуда. Ал мұн­дағы экспо­зиция өткен жылмен салыстыр­ған­да  20 пайызға ұлғайған. «Демалыс- Astana  Leisure 2011» көрмесінде  төрт ұлттық туристік ұйым  стендтерін назарға ұсынса, биыл  Астанаға тұңғыш рет  Грузияның  ұлттық туристік ұйымы  келіп отыр екен. Сонымен бірге бұл шарада  еліміздің барлық өлкелері  лайықты көрініс тапқан. Әлемдік статистикаға сүйенсек, компаниялардың дені  жолдамалар­дың 40 пайызын осындай  көрме­лердің арқасында сатады екен. Сондықтан да бұл көрменің түпкі мақсатын бағамдау қиын емес. «Егемен- ақпарат».