2011 жылғы 27 қыркүйек Астана, Үкімет үйі
«Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін
көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 553-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар бекітілсін: 1) спортшыларға олимпиадалық спорт түрлерінен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудің (бір рет) мөлшері теңгеге баламалы мөлшерде: әлем чемпионаттарында: алтын медаль үшін - 15000 АҚШ доллары; күміс медаль үшін - 7000 АҚШ доллары; қола медаль үшін - 5000 АҚШ доллары; қысқы, жазғы Азия ойындарында: алтын медаль үшін - 10000 АҚШ доллары; күміс медаль үшін - 5000 АҚШ доллары; қола медаль үшін - 3000 АҚШ доллары; 2) олимпиадалық спорт түрлерінен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылардың дайындығын қамтамасыз еткен жаттықтырушыларға өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудің (бір рет) мөлшері теңгеге баламалы мөлшерде: әлем чемпионаттарында: алтын медаль үшін - 10000 АҚШ доллары; күміс медаль үшін - 5000 АҚШ доллары; қола медаль үшін - 3000 АҚШ доллары; қысқы, жазғы Азия ойындарында: алтын медаль үшін - 5000 АҚШ доллары; күміс медаль үшін - 3000 АҚШ доллары; қола медаль үшін - 2000 АҚШ доллары; 3) спортшыларға универсиадалардағы жоғары нәтижелері үшін өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудің (бір рет) мөлшері теңгеге баламалы мөлшерде: алтын медаль үшін - 3500 АҚШ доллары; күміс медаль үшін - 2100 АҚШ доллары; қола медаль үшін - 700 АҚШ доллары.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ