• RUB:
    5.35
  • USD:
    482.94
  • EUR:
    535.97
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2011

Саладағы ортақ проблемалар

311 рет
көрсетілді

КҮШ БІРІКТІРІП КҮРЕСКЕНДЕ ҒАНА ОҢ НӘТИЖЕСІН БЕРЕДІ Кеше Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттер Денсаулық сақтау министрлерінің үшінші Ислам конфе­рен­ция­сы жұмысын жалғастырды. Газеттің өткен нөмірінде жазға­ны­мыз­дай, конференцияның пленарлық отырыстарында қаты­су­шы­лар Ұйымға мүше елдерді қажетті дәрі-дәрмек түрлерімен жет­кілікті түрде қамтамасыз ету, вакциналар өндірісін дамыту, ВИЧ/СПИД-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес мә­се­ле­лерін талқылады. Ретіне қарай сөз алып, ой-пі­кір білдіргендердің сөздеріне қа­рағанда, аталған аурулар Ұй­ым­ға мүше елдердің көпші­лі­гін­де үлкен проблемаға айна­лып отыр. Кейбір мемле­кет­тер­дің ден­сау­лық сақтау саласы ха­лыққа қажетті дәрі-дәр­мек­пен, вакциналармен, сондай-ақ медициналық құрал-жабдық­тар­мен жеткілікті деңгейде қам­тамасыз етілмеген. Бұл проб­лемаларды сол елдердің бір өзі шеше алмайды. Сон­дық­тан адам өміріне аса қауіпті жұқ­палы ауру түрлерімен күресті бірлесіп, ынтымақтасқан жағ­дай­да жүргізген жөн. Дәрі-дәр­мектер мен вакциналар өнді­ре­тін зауыт-фабрикалар санын көбейту қажет. Отырыста алғашқылардың қа­тарында сөз алған АҚШ ден­саулық сақтау департаментінің қызметкері Дэниель Миллердің айтуынша, жұқпалы ауру түр­ле­рімен күрес нақтылықты, тия­нақтылықты қажет етеді. Атал­ған ауруларға қолданылатын дәрі-дәрмектер мен вакци­на­лар­дың сапасына ерекше мән бер­ген жөн. «Қауіп-қатерге, өлім­ге душар ететін аурулар өте көп, – деді ол осы мәселе туралы. – Оның ішінде қатерлі тұмау да бар. Мысалы, тұмаудың қатерлі тү­рінен кезінде Бангладеш тұр­ғындары көп зардап шеккен болатын». АҚШ денсаулық сақтау де­пар­таментінің өкілі, сондай-ақ вак­цина түрлерін жеткізу проб­ле­ма­лары­ның да бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, осы проб­ле­маны ұзаққа созбай, бірлесе оты­рып шешу қажет. Ал дәрі-дәрмек пен вакцина өндірісін дамыту бүгінде бірінші кезектегі маңызды мәсе­ле­­лердің бірі бо­лып табылады. Осы­ған бай­ла­нысты ол өз елінде вакцина өн­ді­ру­дің қаншалықты дең­гейде екен­дігінен мысал келтірді. Биыл­ғы жылы АҚШ 200 миллион вакцина дозасын өн­діріпті. Алдағы уақытта оның көлемін 600 миллион дозаға жеткізу жоспарланып отыр екен. Пәкстандық Камина Кара өз сөзінде вакциналарға қолжетім­ді­лікті қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Оның атап өтуінше, өн­дірілген вакциналардың сатылу құны өте қымбат. Оған әркімнің қолы жете бермейді, қалталары көтермейді. Сондықтан елде вакциналар өндірумен айналысатын компаниялар оның бағасын тө­мен­детудің жолдарын қарас­ты­рып жатыр. Сөз барысында шешен қазіргі кезде әлемде 1,6 миллиард адам қауіп-қатерлі аймақта тұрып жатқанын, оларды қажетті вакцинамен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керектігін атады. Ирактың Денсаулық сақтау вице-министрі Хамис Хусейн Али Иракта ана мен бала өлімін азайту және өріс алып бара жат­қан безгек ауруымен күрес ба­ры­сына тоқталды. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, қолға алынған нақты шаралардың нәтижесінде бала өлімінің деңгейі бұрын­ғы­мен салыстырғанда 24 пайызға төмендеген. Бүгінде елде безгек ауруын толық жою міндеті қойы­лып отыр. «Дегенмен, біздің елімізде ісік ауруымен ауыратындар саны өсіп келе жатқанын жасыр­май­мыз, – деді ол. – Оған қарсы емдеу шаралары қолға алынуда. ИЫҰ-ға мүше елдердің көмегі қажет. Темекі шегумен, сондай-ақ қызылшамен, басқа да жұқ­па­лы аурулармен күрес жұмыстары жүр­гі­зіліп жатыр». Шешеннің ай­ту­ын­ша, Ирактағы әйелдердің 70 па­йыз­­дан астамы өздерінің үйінде бо­сануды қолайлы көреді екен. Акушерлер де жетіспейтін көрінеді. Ауғанстан Ислам Республи­ка­сы­ның Денсаулық сақтау министрі Надир Наиат сөзіне денсау­лық сақтау саласындағы пробле­ма­ларды арқау етті. Ұйымға қа­тысушы елдер мен Дүниежүзілік ден­сау­лық қорғау ұйымынан қор­да­лан­ған проблемаларды шешуге көмектесуді өтінді. «Ауған­стан­да денсаулық сақтау саласының дамуы өте төменгі деңгейде, – деді ол осы жөнінде. – Әсіресе, безгек пен туберкулез аурула­ры­ның таралуы үлкен проб­лемаға айналып отыр». Бұған мысал ретінде министр соңғы жылдары туберкулезбен ауыра­тын­дар саны 50 пайыздан 70 пайызға өскенін келтірді. Со­ны­мен қатар, ол өзге де жұқ­па­лы дерттердің көбейе түскенін, негізінен олар елдегі ауыз су мен сапалы азық-түлік түр­ле­рі­нің тапшылығынан туын­да­­ға­нын атап өтті. Катар Республикасының делегация жетекшісі Жалил Ха­лилдың хабардар етуінше, Катар мемлекеті ана мен бала өлі­мін азайтуда нақты жұмыс­тар­ды жү­зе­ге асырып келеді. Бар­лығы мемлекеттік деңгейде қа­былданған бағ­дарламалар бой­ын­ша жүргізіледі. Нәтиже де жаман емес. Катар ИЫҰ-ға мүше елдерімен жақсы қаты­нас­та, бірқатар мемлекеттерге қаржылай көмек те көрсетті. Со­нымен бірге, ол Катар Респуб­ликасының кезекті төртінші Ислам конференциясын қабылдауға әзір екенінен де мәлім етті. Алжирдің делегация жетекшісі Али Абдолла ана мен бала өлімін азайту, жұқпалы аурулармен күрес және дәрі-дәрмектердің бағасына қатысты пікірін ортаға салды. Ал Нигерия делегациясының бас­шы­сы Гани Абдул Азиз және басқа да сөз алған қатысушылар Ұйымға мүше елдердің бірқатарында жұқ­па­лы аурулардың өсіп бара жат­қанына, әсіресе, аса қауіпті дерт – СПИД-тің таралуы жыл өткен сайын өсе түскеніне алаңдау­шы­лық білдірді. Қауіпті жұқпалы аурулармен күресті бірлесіп жүр­гізу­дің нақты нәтиже беретінін жеткізді. Ислам Ынтымақтастығы Ұйы­мына мүше мемлекеттер Ден­саулық сақтау ми­нистрлерінің Ислам конференциясы бүгін жұ­мысын аяқтайды. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ. --------------------------------- Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.