• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2011

Алыстан әкелінген малдар таныстырылды

345 рет
көрсетілді

ПАРЛАМЕНТ «Егемен Қазақстанның» арнаулы беті ______________ Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешені алдына 2016 жылға қарай сиыр етінің экспорттық әлеуетін 60 мың тоннаға дейін жеткізу міндеті қойылғаны белгілі. Бұл тұрғыда елімізде бірқатар жоба­лар­дың жү­зе­ге асырылып жат­қа­ны да айқын. Осы ретте қанат­қақ­ты жобалардың кейбірінің қан­ша­лықты деңгейде алға басып жат­қа­нын көрсету үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ бір топ журналисті Ақ­мола облысының, Ең­бек­шілдер ау­данындағы Мамай ауы­лына алып келді. Сонымен қа­тар, бұл жерде Парламент Сенаты Аграр­лық мәселелер және қорша­ған ортаны қорғау комитетінің Болат Жылқышиев бастаған бір топ депутаты да болды. Аталған ауылда «Қазақстан Рес­публикасында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін да­мы­ту» жо­ба­сы шеңберінде «Қаз­Агро­Өнім» АҚ «Әрқайсысы 1000 ірі қара аналық мал басына ар­налған екі асыл тұ­қымды репродуктор – шаруашылық құру» және «5000 бас ірі қараға арнал­ған дамыған инфра­құрылымы бар бордақылау алаңын құру» жоба­ларын жүзеге асыруда. Инвес­ти­циялық жоба «ҚазАгро­Өнім» АҚ-тың еншілес ұйымы «KazMeet» ЖШС арқылы қанат қағуда екен. Бұл серіктестік амери­калық «Glo­bal Beet Consultans, LLC» ком­па­ниясы­мен бірлесіп, «Kaz­BeetLtd» бірлескен кәсіпор­нын құрыпты. Мұнда қазақстандық тараптың қатысу үле­сі 85 пайыз болса, америкалықтарға 15 пайыз тиесілі екен. – Жобаның негізгі мақсаты – асыл тұқымды базаның мүмкін­дік­терін барынша қолдану ар­қы­лы өсірілетін етті мал басының ген­дік әлеуетін жақсарту, сондай-ақ шетелдік сұрыптаудан өткен ең жақсы ірі қараның асыл тұқымды жоғары өнімді аналық мал басын әкелу арқылы еттік бағыттағы ірі қара мал басын көбейту. Аталған жоба шеңберінде еліміздің сол­түс­тік аймақтарының климаттық жағдайларына ең ұқсас АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатынан етті бағыттағы Герефорд және Ангус таза асыл тұқымды жоғары өнімді 1377 бас мал әкелінді, оның 1327-і аналық бас. Ағымдағы жылдың со­ңына дейін бұл тұқымдардан тағы да 673 бас әкелу жоспарда тұр, – дей­ді «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ бас­қар­ма төрағасы Берік Бейсенғалиев. Әкелінген мал басы үшін бар­лық жағдай жасалынса, оның ішінде жем-шөп бағасы, жобаға қатыс­ты технологиялық құрал-сай­ман­дар­мен толық жасақтал­ған. Осын­дағы мамандар былтыр әке­лінген асыл тұқымды мал жергілікті бағу жағдайларына жақсы бейімделді деп сендірді. Бұзаула­ған сиыр­лар­ төлдерімен бірге қазір­гі кезде арнайы жайлауда ор­налас­қан. Соны­мен бірге, қолдан ұрықтан­ды­ру жүргізіліп, вакцина жасалған. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ төрағасы Б.Бейсенғалиевтың айтуынша, бұл малдарды әкелу аса қажет­ті­лік­тен туындаған. Қазіргі кезде елімізде ет­тік бағыттағы асыл тұқымды ірі қа­раның жалпы саны 121 мың бас болса, оның 50,6 мыңы ғана аналық. «Қазақстан Республикасында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуе­тін дамыту» жобасына сәйкес отандық бизнестің қаты­суы­мен елі­міздің әр аймағында осыған ұқсас шаруашылықтар құру қарасты­ры­лып, сонымен бірге, асыл тұқымды шаруа­шы­лықтардың қолда бар ішкі әлеуетін пайдалану жоспарлан­ған көрінеді. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. Ақмола облысы. Суретті түсірген Ольга КАДУШКИНА.